00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

iKOMEK109 орталығына биыл екі миллионнан астам өтініш түскен

24.02.2023 | 17:23
Елорда ақпарат
41

Жыл сайын iKOMEK сервисін елорданың 600 мыңнан астам тұрғыны пайдаланады. Орталық жұмыс істеген уақыт ішінде 6 млн-нан астам өтініш қабылданды. Қаланың мыңнан астам ұйымымен жұмыс жолға қойылған.

"iKOMEK109 - бұл қала тұрғындарымен бірге елордада жайлы және қауіпсіз өмір сүруді қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін жоба", - деп атап өтті iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

IKOMEK109 байланыс орталығы тұрғындармен өзара іс-қимылдың бірыңғай нүктесі болып табылады. Қала тұрғындары 2 500-ден астам, соның ішінде сумен жабдықтау, жылыту, қоғамдық көлік, электрмен және газбен жабдықтау, денсаулық сақтау, абаттандыру және т. б. мәселелер бойынша өтініш білдіре алады.

IKOMEK109 мақсаттарының бірі – тұрғындардың 90%-ға дейінгі мәселесін операциялық деңгейде қашықтан шешу. Бүгінгі күні тұрғындар өтініштерінің 86,6%-ы бірінші қоңыраудан бастап жабылады.

Сонымен қатар, 109 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалудан басқа, тұрғындар үшін ыңғайлы өтініш беру арналары құрылған: Telegram-бот, қала әкімдігінің сайты, iKOMEK109 және Smart Astana мобильді қосымшалары. Әрбір өтініш автоматты түрде тіркеледі және жауапты ұйымдарға орындауға беріледі. Өтініштің орындалу барысын iKOMEK орталығының мамандары оны толық пысықтағанға дейін бақылайды.

Жыл басынан бастап 16 мыңнан астам бейнебақылау камералары бойынша тәулік бойы бақылау арқылы iKOMEK Ахуалдық орталығы 13 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде санкцияланбаған қоқыс тастайтын жерлерді анықтау және абаттандыруды бұзу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қауіпсіздікті тиімді үйлестіру мен орталықтандырылған мониторингілеуді қамтамасыз ету үшін iKOMEK орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері орналасқан.

Байланыс орталықтары саласындағы халықаралық сарапшылар үшінші жыл қатарынан iKOMEK109 қалалық орталығын ТМД-дағы үздіктердің үздігі деп танитынын атап өту қажет. 2019 жылы "iKOMEK" орталығы байланыс орталықтары индустриясында "Байланыс орталығын құрудың/біріктірудің үздік жобасы" номинациясы бойынша, 2020 жылы "Клиенттерді талдау, зерттеу және түсінудің үздік тәжірибесі" номинациясы бойынша "Оскар" алды. Осы жылы iKOMEK "Хрустальная Гарнитура" халықаралық байқауында "Цифрлық жаңғырту мен трансформациялаудың үздік бағдарламасы" номинациясы бойынша статуэткаға ие болды. Ондағы марапат iKOMEK орталығы үшін дәстүрге айналуда.

Барлық жаңалықтар