00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

«Адал ұрпақ» клубтары арасындағы конкурс жеңімпаздары анықталды

24.02.2023 | 16:47
Елорда ақпарат
51

Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті мен Білім басқармасы ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы “Адал ұрпақ” еріктілері қатарында 90 мыңнан астам оқушы бар. Слетке қалалық және аудандық байқаулардың жеңімпаздары – 93 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары қатысты.

Слет қатысушыларына Агенттіктің аумақтық департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов алғысөз сөйледі. Өз сөзінде ол әрбір қатысушыны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өз үлесін қосуға шақырып, жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің маңыздылығын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Бақдәулет Жанділдаев өз кезегінде слет қатысушыларын құттықтап, оқуда табыс тіледі, сондай-ақ әмбебап моральдық және ұлттық құндылықтар негізінде жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Слет аясында «Адал ұрпақ» клубтарының жұмысы қорытындыланып, жоба аясында өткізілетін конкурстардың жеңімпаздары анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы бойынша "Тик-Ток" қосымшасындағы үздік ролик байқауында:

І орын – Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі;

ІІ орын - №59 мектеп-лицей, №81 дарынды балаларға арналған гимназия Astana English School;

ІІІ орын - № 77 мектеп-гимназия, №45 орта мектеп, № 71 мектеп-лицей.

«Адал еңбек – жарқын өмір» тақырыбындағы үздік сурет байқауында:

І орын - № 51 мектеп-гимназия, №72 мектеп-лицей;

ІІ орын - №42 орта мектеп, № 73 мектеп-лицей;

ІІІ орын - № 53 мектеп-лицей, С. Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі.

«Адал ұрпақ - қоғамдық тәртіп негізі» тақырыбындағы үздік презентация сайысында:

І орын - Ә.Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейі;

ІІ орын - №65 мектеп-гимназиясы;

ІІІ орын - Ш. Құдайбердіұлы атындағы №56 мектеп-лицейі, №61 орта мектеп, М. Дулатов атындағы №68 орта мектеп.

«Адал ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында үздік бейнеролик байқауында:

І орын - № 8 мектеп-лицейі;

ІІ орын - №55 орта мектеп, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі;

ІІІ орын - №23, №34 орта мектептері иеленді.

Байқау жеңімпаздары грамоталармен, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Клуб еріктілері парасаттылықты насихаттауға бағытталған идеяларды жүзеге асыру бойынша ойларымен бөлісті.

Барлық жаңалықтар