00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада «Саналы ұрпақ» клубтарының қалалық слеті өтті

24.02.2023 | 16:21
Елорда ақпарат
43

Слет қатысушыларына қалалық мәслихат депутаты, Нұр-Сұлтан қаласының жастарды қолдау қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Бақдәулет Жанділдаев, ақпараттық-ағартушылық штаб төрағасы, «Nur Otan» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов құттықтау сөз сөйледі.

Слет барысында жаттықтырушы Ақерке Берлібай заманауи әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге бағытталған «Жеке брендті дамыту арқылы көшбасшылық» тақырыбында коуч-медиа тренингі өткізілді.

Слет жұмысына «ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі», «Даналық» жоғары медициналық колледжі», «Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі», «Менеджмент, бизнес және білім колледжі» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері белсенді қатысты.

Слет «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жұмысын қорытындылады, жобаның негізгі бағыттары мен мақсаттарын ілгерілету мәселелері талқыланды.

Слетке қатысушылар жобалық кеңсенің перспективті іс-шараларымен танысты.

Өз кезегінде елорда жастары жобаны іске асыру жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Барлық жаңалықтар