00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада «Jastar jalyny - 2021» фестивалі басталды

24.02.2023 | 15:55
Елорда ақпарат
32

Фестиваль барысында 11-18 қазан аралығында студенттер 10 номинация бойынша сайысқа түседі.

Фестивальді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қазақстан жастар фракциясы өткізуде. 

«Біз «Jastar jalyny» фестивалін жылдың басынан бері жоспарлаған болатынбыз. Дегенмен індетке байланысты кейінге шегере тұруға тура келді. Бүгін де карантин режимін қатаң сақтау үшін залға көп адам жинамадық. Осы орайда қаламыздың 15 ЖОО-дан 10 адамнан көп емес жастарды жинадық. Басты мақсатымыз — жастардың арасында шығармашыл жандарды көрсету. Және солардың арасынан дарынды және талантты жастарды анықтап, оларды қолдау және жәрдем көрсету. Ең басты айта кететінім, фестивальге қатысушы барлық студенттер вакцина алған», — деді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров. 

Қайрат Қамбаровтың айтуынша, басты жүлде қоры 500 мың теңге, қалған орындарға 100-200 мың теңгеден беріледі. Сонымен қатар ол атаулы шара бүгіннен бастау алып 18 қарашаға дейін созылатынын атап өтті. 

«Jastar jalyny – 2021» фестивалінің қазылар алқасы еліміздің ең тәжірибелі мамандарынан жасақталған. Бағдарламаны мәдениет және өнер қайраткерлері, еліміздің еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар мен бейнеографтар бағалайды. 

««Jastar jalyny – 2021» фестивалі 10 номинация бойынша өткізіліп жатыр. ЕҰУ барлық номинация бойынша қатысуға өтінім білдірді. Бүгінгі таңда біздің студенттер қызу дайындық үстінде. Сол дайындықтың нәтижесі оң болады деген сенімдеміз. Айта кететін жайт, біз өткен фестивальде жалпы есепте 1-ші орынды иеленген болатынбыз. Биыл да сол жетістігімізді қайталасақ деген ниетіміз бар», — деді Еуразия ұлттық университеті «Jastar» департаментінің директоры Жамбыл Тілепов.

Барлық жаңалықтар