00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елорданың цифрлық жобалары Түркі кеңесі өкілдеріне таныстырылды

24.02.2023 | 15:08
Елорда ақпарат
45

Форумда Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен кеңеске мүше мемлекеттер делегациясының арасындағы цифрлық трансформация, жаңа технологияларды енгізу және инновацияларды дамыту бойынша өзара тиімді ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.

«Бүгін қаламызда «Smart Сity Nur-Sultan» өңіраралық форумы өтіп жатыр. Форумға Түркі кеңесі өкілдері қатысуда. Форум аясында біз цифрландыру саласындағы жетістіктер мен цифрлық технологияларды одан ары дамыту жоспарларын таныстырдық. Сондай-ақ делегация өкілдеріне  елорда өмірінің түрлі салаларында цифрлық технологияларды дамытудың қазіргі жетістіктері, жоспарланған бағыттары мен іKomek, іQala, CTS цифрлық жобалары таныстырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты  жергілікті IT шешімдерді шетелдік нарықтарға шығару және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту»,  деді Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының орынбасары Аманжол Естеков. 

Аймақаралық форум Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен бас серіктес  «Қазақтелеком» АҚ, «Astana Innovations» АҚ және International Data Corporation (IDC) бірлесіп өткізуде.

Айта кетейік, бұл күндері елордада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекет өкілдерінің сапары өтуде. Сапар аясында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мемлекеттік секторды цифрландыру саласында түркітілдес елдермен ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар өткізуде.

Барлық жаңалықтар