00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлікті анықтауға бағытталған

09.01.2024 | 06:00
43
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте банктік аударымдар және жалпыға бірдей декларацияның 3-кезеңі туралы кеңінен айтылды, деп хабарлады Elorda.info

Брифинге қатысқан Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Ерасыл Бораш, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқарма басшысының міндетін атқарушы Анвар Бекжуманов мобилді аударымдарды тексерудің маңыздылығы мен қажеттілігі туралы кеңінен түсіндіріп берді

Спикерлердің айтуынша, бұдан былай банктер тек белгіленген критерийлерге сәйкес келетін тұлғалардың деректерін әр жыл бойынша беріп отырады. 

Ал енді мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталып отыр. Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғаларды ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі. Бұл жерде айта кететін жайт, жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін, яғни  туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек және басқа да өмірлік жағдайлар үшін мобильді аударымдарды жасап, қабылдай алады. Алайда, мұндай аударымдар бір реттік болғандықтан, оны декларациялаудың қажеті жоқ6 -  деп отыр мамандар.

Осы ретте кәсіпкерлерге төлемдерді арнайы бизнес шоттарына қабылдау ұсынылады. Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқан жағдайда алғашында әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады, ал қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 194-бабы). Анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратпен хабарламалар жіберіледі. Салық төлеуші бұзушылықтармен келісетін болса, ол жеке кәсіпкерді тіркеуге немесе табыстың декларацияланбаған сомасын көрсететін қосымша декларация ұсынуға тиіс. Ал егер салық төлеуші бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ол бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсініктеме және оны растайтын құжаттарды беруге құқылы.

Жеке кәсіпкерді тіркеусіз қызмет жасағаны үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кірістерді жасырғаны үшін – төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде, ал қайталанған жағдайда  300% айыппұл салынады. Чек бермегені үшін – 15-тен 50 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Бақылау шаралары адал салық төлеушілерге әсер етпейді.

Салық кодексіне сәйкес Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді және 4 кезеңде өтуде. 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары декларация тапсыра бастады, онда 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша деректер көрсетіледі. 2024 жылдан бастап-заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, 2025 жылдан бастап – азаматтардың қалған санаттары, яғни елдің барлық ересек тұрғындары декларация тапсырады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда 10 мың АЕК-тен аспайтын қолма-қол ақша көрсетіледі. Қазақстан аумағынан тыс мүлік, бұл жер учаскелері, үйлер, кеңселер, шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша, Қазақстан аумағынан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі, бағалы қағаздардың болуы туралы мәліметтер, дебиторлық, кредиторлық берешек, мұнда банктерге және банктерге берешекті қоспағанда, құжат нотариалды куәландырылған болуы тиіс. 

Қазақстанда тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлік, банк шоттары сияқты мәліметтер уәкілетті органдарда бар болғандықтан декларацияда көрсетілмейді.

Декларацияны Мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде электронды түрде немесе «салық төлеушінің кабинеті» арқылы қағаз үлгіде (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ esalyq azamat мобильді қосымшасы арқылы, тұрғылықты жері бойынша тапсыруға болады.

Барлық жаңалықтар