00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Мемлекетке 24 млрд теңгенің активтері қайтарылды

18.04.2024 | 15:07
70
Бас прокуратура
фото: дереккөзден

Бас прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жұмыстарын жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды.

Активтерді қайтару жөніндегі комитет Арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды.Сонымен қатар, бейінді Заңның мақсаттарына сәйкес келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталатын болады, - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар