00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған

19.03.2024 | 06:05
178
Фото: ашық дереккөз

Жыл басынан бері 275 отырыс өткізіліп, 341 басы артық делдал және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің асып кету дерегі анықталды. Мемлекеттік бақылау шеңберінде Сауда министрлігінің аумақтық департаменттері 380 әкімшілік іс қозғады. 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді, 345 әкімшілік қаулы, оның ішінде 298-і сауда үстемесін асырғаны үшін шығарылды, — деп атап өтті СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков. 

Кеңеске қатысушылар әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша өткен аптадағы жағдайды қарастырды. Маусымаралық кезең болғанымен, бағалар соңғы аптада орта есеппен 0% деңгейінде қалған. Ағымдағы азық-түлік инфляциясы 7,4% құрағаны, бұл бес жылдық көрсеткіштен едәуір төмен (орташа бес жылдық азық-түлік инфляциясы 9,3%) екені атап өтілді.  

Бүгінгі таңда азық-түлік инфляциясы тұтыну қорының 160 атауы бойынша бағаның өзгеру динамикасына сүйене отырып қалыптасуда. Жыл басынан бері қымбаттаған 30 тауар ішіндегі антилидерлер үштігін қияр, қызанақ, банан құрады. Маусымаралық кезеңде қияр мен қызанақ бағасы үнемі қымбаттайды, бұл ішкі өндірістің төмендігімен және маусымаралық кезеңде импортқа тәуелділікпен байланысты. Қазір қызанақ Түркіменстаннан, Өзбекстаннан және Қытайдан, батыс облыстарға Иран, Әзербайжан және Түркиядан жеткізіледі, ал қияр Өзбекстан, Қытай, Иран, Түркиядан әкелінеді. Жақын арада оңтүстік өңірлердің жылыжай шаруашылықтарында қияр мен қызанақтың өнімі күтілуде, бұл аталған көкөністердің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді, — деді А.Әбілдабеков.

Ішкі нарықты маусымаралық кезеңде жылыжай көкөністерімен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету үшін былтыр жыл соңынан бастап мемлекет тарапынан фермерлік жылыжайларға субсидиялар беріле бастады. Инфляцияға қарсы шаралар кешені шеңберінде АШМ тарапынан қорғалған топырақта көкөніс өсіру бойынша жылыжай кешенін салу жобасы іске асырылуда. Бұл ішкі нарықты қолжетімді бағада көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны келесі жылы іске қосу жоспарлануда.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин өңірлерге көкөніс қорларын босату жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігі мен Qaztrade сауда саясатын дамыту орталығына жамбылдық фермерлерге 130 тонна пиязды тиімді бағамен сатуға көмек көрсету тапсырылды.

Барлық жаңалықтар