00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстан мен Финляндия құны 32,5 млрд теңге болатын жобаны іске асырады

12.04.2024 | 17:03
66
өндіріс
фото: дереккөзден

Бұл туралы Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі 13-ші отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесуге Қазақстан тарапынан ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Финляндиядағы Елшісі Жанна Сартбаева, Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Финляндиядан – Сыртқы сауда министрі және Финляндияны дамыту Вилле Тавио, Финляндияның ҚР Елшісі Соили Мекелейнен-Буханист, Сыртқы істер министрлігінің сауда және ынтымақтастықты дамыту жөніндегі дипломатиялық кеңесшісі Микко Оутти қатысты.

Вице-министр Қазақстан мен Финляндия қатынастарының 2023 жылы 14,3 млн. құрайтын ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі жетістіктерін атап өтті,

Сондай-ақ, Жаннат Дүбірова ағаш өңдеуге құйылған инвестиция көлемі 31%-ға өсіп, 3,3 млрд теңгеге жеткені туралы мәліметтермен бөлісті.

2027 жылға қарай ағаш өңдеу өнеркәсібінде құны 32,5 млрд теңгені құрайтын 1400 жұмыс орны бар 11 жаңа өндіріс орнын іске қосу жоспарлануда, – деді вице-министр.

Мемлекет жаңа инвестициялық жобаларды іске қосуға, сондай-ақ қолданыстағыларын қолдауға бірқатар артықшылықтар, жеңілдіктер мен преференциялар ұсынады. Министрлік шикізатты тиімді пайдалана отырып, ағаш өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту міндетін белгіледі.

Барлық жаңалықтар