00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Қазақстан мен Қырғызстан іскерлік форум өткізеді

09.04.2024 | 16:45
Елорда ақпарат
85
Қазақстан мен Қырғызстан іскерлік форум өткізеді
Фото: дереккөз

Қырғызстан Президентінің Қазақстанға сапары қарсаңында екі елдің кәсіпкерлері 17 сәуірде Астанада өтетін бизнес-форумға
жиналады, деп хабарлады Elorda.info.

Форумға бизнес, Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік ұйымдарының өкілдері қатысады. Іскерлік алаңда біздің мемлекеттеріміздің нарықтарына тауарларды ілгерілетуді қоса алғанда, сауданы дамытуды талқылау жоспарлануда.

Форумға машина жасау, өнеркәсіп, металлургия, құрылыс, логистика, фармацевтика, сондай-ақ инвестициялар, қызмет көрсету саласы және басқа
да салаларда жұмыс істейтін 100-ден астам қырғыз ұйымдары шақырылды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қырғызстанмен өзара тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға ұлғайып, 1,6 млрд долларға жетті.   Қазақстандық экспорттың үлесі шамамен 69% немесе 1,1 млрд доллар. 

Қазақстан негізінен көрші елге өңделмеген және жартылай өңделген алтын, минералды және газдалған су, темекі өнімдері, көмір, жеңіл автомобильдер, электр энергиясы, мұнай өнімдері, цемент, ет және құс етінің тағамдық қосалқы өнімдерін жөнелтеді.

Қырғыз импортының негізін бағалы металдардың кендері мен концентраттары, ыстықтай илектелген өзге де қоспаланбаған болаттан жасалған шыбықтар, карбонаттар, пластмас ыдыстар, нан және ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар, керамикалық плиткалар. 

Барлық жаңалықтар