Маман пікір білдірді: Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай ма
![](/img/articles/uploads/6215aece7d34f807995873_10f490f577.jpg)
31-телеарна «Информбюро» жаңалықтар қызметінің мәлімдегендей, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бүгін салынып жатқан үйлердің бағасы мен сапасының арақатынасын сақтау қажеттігі туралы айтқан.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, кейбір мердігерлер ресурстары мен қажетті техникасы болмаса да ірі тендерлерге қатысады. Бұл жүйені өзгерту керек. Ведомство бірқатар қажетті құжатты дайындады.
Адамдардың сапалы нәтиже талап етуі заңды. Сондықтан, тұрғын үй құнын төмен түсіріп, сапасын қамтамасыз етпеу дұрыс емес. Бұл тепе-теңдікті сақтау керек. Құрылыс компаниясына осы шектегі төлемге сапалы тұрғын үй салуға мүмкіндік беруіміз керек, – дейді ол.
Шенеуніктің айтуынша, бұл салада күрделі мәселелер бар. Нарық өсіп келе жатқан сұранысқа үлгермей жатыр.
Инфрақұрылымды салу қосымша уақытты қажет етеді. Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы функциялардың бір бөлігін мемлекеттен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына беруді ұсынады.
Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиевтің айтуынша, нарық заңы ғана жағдайды түзете алады. Тұрғын үй бағасын ұстап тұру әрекеттері қазір тиімсіз.
Өткен жылдан бастап бағалар төмендейді деп айтылған, бірақ олар төмендеп жатқан жоқ. Сондықтан баға өсіп кетпеуі үшін бағаны тұрақтандыру міндеті тұр. Бұл айтарлықтай үлкен іс. Бірақ өткенге қарасақ, бағалар үнемі өсіп отырады және менің ойымша, одан әрі өсе береді, – дейді ол.
![](/img/articles/38db3702c3decf1a740758fbd35c95e3.jpg)
![](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды](/img/articles/38db3702c3decf1a740758fbd35c95e3.jpg)
![Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![10 маусымға арналған валюта бағамы](/img/articles/614860fb975f20408c70d1ab9ef49eef.jpg)
![375 млрд теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды](/img/articles/d83bf79aeb114cae06b0a8fb9a19e4ef.jpg)
![Утиль алым болмаса ескі көліктер көбейе ме – Үкіметтің жауабы](/img/articles/bedd65691a35ca39b25398333cb3b4bd.jpg)
![Елімізде 4 жылдан бері алғаш рет азық-түлік тауарлары арзандады](/img/articles/e1af95f14a5ece79ccc1ed0e5edbdb3f.jpeg)
![Үкімет құны $1,5 млрд болатын мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойды](/img/articles/d2a191c8838f9b0e91f6477ef4648fda.jpeg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)