00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

06.07.2023 | 12:18
41
Фото: parlam.kz

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшібаев өзінің фейсбук парақшасында барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Оның айтуынша, елордамыз осы жылдардың ішінде қарқынды дамып, өзінің мәртебесіне сай еңселі орталыққа айналды. Ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді бекемдеуге зор ықпалын тигізді.

Астананың Арқа төріне көшуі еліміз үшін өте қиын кезеңдерде іске асқаны белгілі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кеше ғана өткен Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім болғанын айрықша атап өтті.

Шын мәнінде, жаңа астана өзі ғана өркендеп қоймай, тұтас елдің ілгері жылжуына тың серпін берді. Астанамыз ширек ғасырдың ішінде жан-жақты дамыды. Осылайша ол әкімшілік орталық қана емес, мәдени-рухани салмағы басым іргелі шаһарға айналды. Сондықтан Астананың мерейтойы – тұтас ұлтымыздың мерейі деп сенімді түрде айта аламыз. 

Баршаңызды осы мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық және әр отбасына ырыс пен ынтымақ тілеймін! - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев. 

Сенат төрағасы, сондай-ақ, елдігіміз мәңгі, ертеңіміз баянды болуын, қаламыз өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді. 

Барлық жаңалықтар