00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Кәкімбек Салықов елордаға «әлемнің сегізінші ғаламаты» деген атау берген – Дәулеткерей Кәпұлы (ВИДЕО)

13.06.2023 | 17:56
56
Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы белгілі айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы Elorda Life YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elorda.info

Ақын Астанаға 24 жыл бұрын қоныс аударғанын жеткізді.  

Астанаға Алматыдан арман қуып келгенімізге биыл 24 жыл толған екен. 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚҰУ-ді бітіріп, 17 қыркүйекте Есілдің жағасына табан тіредік. Арқаның төсіндегі ғажайып қалаға ұстазымыз, марқұм Кәкімбек Салықов ағамыз «әлемнің сегізінші ғаламаты» деген атау берді ғой. «Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» дегендей, масасы «қаққанда шаңыңды, соққанда сөліңді алатын», түнімен ұйықтатпайтын, батпағы өте «бауырмал» қала болатын. Қазір, тәуба, елорда көз алдымызда өсіп келе жатыр. Өзіміз де астанамен бірге өсіп, рухани жетіліп келе жатырмыз деп ойлаймын, - деді Дәулеткерей Кәпұлы.  

Барлық жаңалықтар