00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Гүл фестивалінде екі адамға Дубайға жолдама ойнатылады

04.07.2023 | 14:54
63
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астананың 25 жылдығына орай 5 және 6 шілде күндері ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында Gul Astana ECOURBAN OPEN AIR гүл фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Шараны ұйымдастырушылар қала тұрғындарын экоқозғалысқа жұмылдыруға және қайта өңделетін шикізатты өңдеудің маңыздылығын көрсетуге, елорданың экобелсенділерін біріктіруге ниетті.

Фестиваль продюсері Майра Измайылованың айтуынша, шараға қатысушылар үшін қалалық қауымдастықтар мен олардың қызметіне арналған тегін интерактивті орындар ашылады.

Мұнда қаланың жасыл картасы таныстырылады. Сол арқылы ниет білдірушілерге көгалдандыру және қоғамдық кеңістіктер жетіспейтін орындарды көрсетуге мүмкіндік берілмек. Мұндай орындарды фестиваль қатысушылары картада арнайы белгілеп көрсетеді. Астана қаласы әкімдігінің Урбанистика басқармасының мәліметінше, қала тұрғындарының ұсыныстары елорданы көгалдандыру мен абаттандыруды жоспарлау кезінде ескерілетін болады.

Шараның ерекшелігі – Қазақстанның табиғи аймақтарының ландшафтында безендірілген киіз үйлер, гүл аймағын безендіру бойынша флористер конкурсы болмақ. Сол сияқты ILOVE фотоаймағында сүйіктісіне жүрек сезімін білдіру бойынша конкурс  ұйымдастырылады. Нәтижесі бойынша БАӘ-ге екі адамға жолдама ойнатылады.

Келушілер үшін білім беру және эко шеберлік-класстар өтеді: ресайклинг (қалдықтарды қайта өңдеу және туындылар мен өнер объектілерін пластиктен жасау) және велосипедпен жүру (олар үшін жаңа функционал жасай отырып, материалдар мен заттарды қайталама пайдалану) ұйымдастырлыады.

Сондай-ақ фестивальде флористер мен суретшілер, сәулетшілер, мүсіншілер арасындағы өткен  «Гүл шаһары – Астана» байқауы қорытындыланады.

Сонымен қатар, «ILOVE» және «Ecodar» менің қалам – менің үлесім» байқауларының да жеңімпаздары марапатталады.

Гүл фестивалінің ресми ашылуы 5 шілде күні сағат 10:00-де ЭКСПО алаңында өтеді. Кіру тегін.

Барлық жаңалықтар