00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Фестиваль жеңімпаздары Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама ұтып алды

05.07.2023 | 21:00
47

Астананың 25 жылдығына орай бүгін-ертең ЭКСПО алаңы гүлге оранады. Бұған себеп - «Funk» компаниясы және Астана қаласының Креативті индустрияларды дамыту орталығының қолдауымен 5-6 шілде күндері өтетін «Қалалық гүлдер фестивалі», деп хабарлады Elorda.info

гул.jpg

Фестиваль продюсері Майра Измайлованың айтуынша, іс-шара қала тұрғындарын эко қозғалысқа тарту, шикізатты қайта өңдеудің маңыздылығын көрсету және елорданың эко-белсенділерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

-«GulAstana» тек Астанадан ғана емес, Алматы, Қарағанды облысынан эколог, флорист, урбанистер мен эко-кəсіпкерлерді, өнер қайраткерлері мен музыканттарды біріктірді. Олардың басын қосып отырған нәрсе: «Біз табиғатқа қандай қамқорлық істедік, қаламыздың экологиясын жақсартуға үлес қостық па?» деген сауалға ортақ жауап іздеу. Іс-шарада осы тақырыпқа байланысты алуан түрлі гүл алаңдары, әр аймақтың климатын бейнелейтін киізүй үлгісіндегі көрмелер және неше түрлі суреттер мен бұйымдар көптің назарына ұсынылып отыр, - деді жоба продюсері Майра Измайлова.

гул сссссссс.jpg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль аясында 5 байқау ұйымдастырылды. «Гүл шаһары» деп аталатын қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің байқауы бойынша еліміздің 62 өнер иелерінің 84 эскизі қаралған. Оның ішінен іріктеліп алынған 15 жоба жүзеге асты. Фестивальде 5 түрлі байқау ұйымдастырылды. Олардың арасынан Абылай Мурашбековтің «Индустриалды даланың гүлі» және Малика Игибаеваның «Өмір гүлі» атты туындысы 1-орынға лайық деп танылып, екі қатысушының әрқайсысы 250 теңгеден жүлде үлестіріп алды. 2-орынды «Ерте-ерте ертеде» жұмысымен Серікбол Рауан жеңіп алып, 300 мың теңгені иеленді. 3-орын «Гүлге толы қоржын» туындысын жасаған Айдана Минайдароваға бұйырды. 

агашуй.jpg

Сондай-ақ қала тұрғындары арасында да бірнеше байқаулар өткізілді.  Соның бірі, ILOVE байқауында тұрғындар арнайы фото-аймақта ата-анасына, жарына, балаларына, туыстарына өздерінің жүрекжарды тілектерін арнап, әлеуметтік желілерге жүктеуі керек болатын. Байқаудың бас жүлдесін жас жұп Өміртай жеңіп алды. Оларға екі адамға арналған «Happy Travel» компаниясының Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдамасы тапсырылды.  

гул сссссс.jpg

«ЭKODAR: менің қалам – менің үлесім» байқауы 1 маусымда жарияланды. Оның шарты бойынша экобелсенділер өз қаласына жасаған пайдалы істерін баяндады. Мұнда бірінші орынды 10 жыл қан доноры болып келе жатқан Екатерина иеленді. Ол да «Happy Travel» Қазақстан қалаларына арналған  компаниясының жолдамасын ұтып алды. Ал 3,4-орын иелеріне SF рестораны мен «Меломан» дүкеніне сертификаттар табысталды.  

мусор.jpg

Ал «Пластиксіз Астана» байқауының жеңімпаздары ертең белгілі болмақ. Байқау шарты бойынша жәшікке 1 ғана бөтелке әкеп тастаған адамның өзі қатысушы боп саналып, оған арнайы нөмір берілді. Жеңімпаздарды тамаша сыйлықтар күтіп тұр.

ашашшш.jpg

Жалпы, фестивальге флористер 20 мың жанды гүл әкеліп қойды. 

Барлық жаңалықтар