00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астананың миллионыншы тұрғыны: 7 жастағы Саида Мухамидьяр қандай болып өсіп келеді? (ФОТО)

08.06.2023 | 13:00
46
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Астаналық балдырған Саида Мухамидьяр бүгінде 7 жаста. 2016 жылы 4 шілдеде қаланың миллионыншы тұрғыны болып №1 перинаталдық орталықта сағат 01.00-де дүние есігін ашты. Салмағы 3150 грамм, ал бойы 52 сантиметр болып туған кішкентай сәбиге атасы мен әжесі Саида деген есім қойған, деп жазады Elorda.info.

Ол Олжас пен Арайлым Мухамидьярлардың тұңғышы. Түрлі үйірмелерге барады. Мың бұралған биші әрі спортшы.

Саида.jpg

 «Жастар» клубының атынан таэквондодан өтіп жүрген қалалық сайыстардың жүлдегері.

 саида1.jpg

Олжас пен Арайлым Мухамидьяр елордада танысып, отау құрған. 

саида 6.jpg

Жолдасым екеуміз студент шақта таныстық. 4 жыл кездескеннен кейін отбасын құрдық. Биыл үйленгенімізге 8 жыл толды. Саиданың Әмина, Рамина есімді екі сіңлісі бар. Астана тұрғыны болғанымызға жиырма жылдай болды. Жолдасым Қостанай өңірінен, мен Павлодар облысынан келдім, - дейді Арайлым. 

саида2.jpg

Оның айтуынша, елорданың миллионыншы тұрғыны болу бақыты бұйырған Саида ешкімді жатырқамайды, көпшіл болып өсіп келеді. Не нәрсеге ұмтылса да, қол жеткізбей қоймайды екен. Бүгінде би және спорттық жарыстардан түрлі жүлделер алып, ата-анасын қуантып жүр. 

саида3.jpg

Саида есімі араб тілінен аударғанда «бақытты» немесе «жолы болғыш» деген мағынаны білдіреді. Қызымыз дүниеге келгенде, тұңғышымыз болған соң ба, қатты қуандық. Бұл қуанышымыз ұзаққа созылып, қала әкімдігінен 2 бөлмелі пәтер алғанда, шаңырағымызға сәбимен бірге шуақ кіргендей болды, - дейді Олжас Мухамидьяр.

саида5.jpg

Бүгінде Олжас өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Ал Арайлым декреттік демалыста. Үш қыз тәрбиелеп отырған айрандай ұйыған отбасы. 

Саида7.jpg

Ғани АТЫМТАЙ

Барлық жаңалықтар