00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астана-25: Әлемнің әскери оркестрлері өнер көрсетеді

04.07.2023 | 14:00
43
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Елорданың 25 жылдығына орай Қорғаныс министрлігі қалалық әкімдікпен бірлесіп, «Астана – мәдениет керуені» әскери оркестрлердің I халықаралық әскери-музыкалық фестивалін өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

6 шілдеден бастап, үш күн қатарынан, елорданың әртүрлі алаңдарында Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония Қарулы күштерінің музыкалық ұжымдары өнер көрсетпек. Пәкістан елінің делегациясы бұл жолы байқаушы ретінде келмек.

Еліміздің атынан Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі және Ұлттық ұланның оркестрі қатысады. 

84291272da726a8fa97a5c4e4fece773_1280x720.jpg

Көрсетілімдерді Band Marathon бастайды. Ол 6 шілдеде сағат 19.30-да Есіл өзенінің жағасындағы жазғы амфитеатрда өтеді. 

7 шілде сағат 20.00-де елорданың түрлі алаңдарында өтетін шоудың қойылымы қала тұрғындары үшін ерекше сый  болмақ. Орталық саябақта Қазақстан Президенттік оркестрі мен Үндістан, Өзбекстан және Жапонияның әскери ұжымдары өнер көрсетеді. 

«Бәйтерек» монументінің жанында еліміздің және  Ресей мен Түркия қорғаныс министрліктерінің оркестрлері өз бағдарламаларын ұсынады. Ал «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында Әзербайжан, Қытай және Қазақстан Ұлттық ұланының окестрлері өнер көрсетпек.

Әскерилер ұсынған музыкалық шаралар 8 шілдеде «Барыс Арена» мұз сарайында өтетін гала-концертпен түйінделеді. Гала-концерттің басталуы 12.00-де. Онда келушілер оркестрлер дефилесі, олардың бірлескен қойылымдары және музыкалық тосынсыйлары бар қызықты музыкалық-театрландырылған қойылымның куәсі болады. 

Әзербайжан Республикасы Гейдар Алиев атындағы әскери институты оркестрінің репертуарында зурна мен балабанның сиқырлы дыбыстары бар әскери шерулері мен ұлттық әуендер қамтылған. 

Үндістан Әскери-әуе күштері оркестрінің музыканттары көрерменді түрлі-түсті, ерекше формасымен және ерекше композициясымен таң қалдыратын болады. Онда дәстүрлі еуропалық аспаптардың дыбысы үнді ситары мен сародына басымдық беріледі. 

Халықтың бай мәдени тәжірибесін мұра еткен Қытай Халық-азаттық әскери оркестрінің қойылымында тыңдаушылар ежелгі музыкалық дәстүрлерді де, оркестр өнерінің қазіргі тенденцияларын да тамашалай алады.

Саптық, классикалық және джаз әуендерімен Ресей Қорғаныс министрлігі Батыс әскери округінің 23-ші әскери оркестрі өнер көрсетеді. Орыс музыканттарының орындау тәсілі шеберлікпен, интонацияның тазалығымен және нәзік нюанстарымен ерекшеленеді.

Түркияның сан ғасырлық музыкалық дәстүрлері «Мехтеран» әскери оркестрінің орындаушылық мәдениетінен байқалады. Түрік әскери музыкасы еуропалық әскерлердің бравур маршына әсте ұқсамайды. Атақты Моцарттың «Түрік маршы» да халықаралық фестиваль бағдарламасында орындалатынын қуана хабарлаймыз.   

aa8538356ef4a3570fd1073a83b81c7b_1280x720.jpg

Өзбек кернейінің дыбысы да қазаққа жақын. Бұл бауырлас халықтардың музыкалық дәстүрлерінің жақындығын көрсетеді. 

Тайко барабандары – жапон әскери оркестрін танымал етіп келе жатқан дәстүрлі аспап. Ежелгі наным бойынша, олар шайқаста жаудың үрейін ұшырып, командаларды жеңіске жеткізіп, жауынгерлік маневрлерді үйлестірген. Фестивальде Жапонияның Өзін-өзі қорғау теңіз күштерінің «Токио бэнд» оркестрі астаналықтарға ежелгі әскери музыка мен заманауи марштардың үлгілерін ұсынбақ. 

Астана күніне орай ұйымдастырылған халықаралық әскери оркестрлер фестивалі Қазақстанның ынтымақтастық пен тату көршілікке деген ұмтылысын көрсетеді.

Барлық жаңалықтар