00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Алғаш келгенімде...»: Министр желіде Астана туралы жазба жариялады

07.07.2023 | 11:00
50
фото: weproject.media

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында елорда туралы жазба қалдырды, деп хабарлады Elorda.info.

Министрдің сөзінше, елорда өте жылдам қарқынмен дамып келеді және өзіндік әсері бар шаһар болып қалыптасты.

«Астана-маған да мол мүмкіндік сыйлады. Осында отбасымның іргетасын қаладым. Бес баламыз да елордада дүниеге келді. 20 жыл бойы осында тұрып келемін, сондықтан толықтай Астаналықпын деп айта аламын. Алғаш келгенімде Астананың сол жағалауында тек Бәйтерек, Ақорда, «Зажигалка» ғиматтары бой көтеріп, министрліктер үйі және т.б нысандар енді ғана салынып жатқан еді. 

Елорда өте жылдам қарқынмен дамыды, өзіндік әсерлі «вайбы» бар сүйікті шаһар болып қалыптасты. Бүгінде бас қаламыздың көшелерінде ағылшын және басқа да шет тілдерінде сөйлеп келе жатқан өзге елдің азаматтарын кездестірсеңіз, таң қалмайсыз. Себебі астанамыз түрлі ұлттардың да басын қосқан, өркениетті ортаға айналды. Бұның бәрі елордамыздың Сарыарқа төріне ауыстырылуы страгегиялық тұрғыда дұрыс, әрі маңызды шешім болғанының дәлелі. 

Астанаға арман қуып, болашағын елордамыздың дамуымен байланыстарған барлық отбасылар осындай заманауи, әсем, жас қаламен мақтана берсін дегім келеді!»,- деп жазды Бағдат Мусин. 

Барлық жаңалықтар