00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Жоғарғы соттың 2 судьясы қызметінен босатылды

03.04.2024 | 16:24
Елорда ақпарат
42
жоғарғы сот
фото: sud.gov.kz

Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлады Elorda.info.

Жоғары сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп екі судья қызметінен босатылуы керек екенін айтты.

Әбдірашид Төлегенұлы Жүкенов және Зәуре Балғазықызы Кейкібасова зейнет жасына жеткен. Судьялық қызметте мол тәжірибесі бар. Олар судьялық қоғамдастық арасында мәртебелі беделге ие, -  деді Денис Шипп.

Сенаторлар ұсынысқа қатысты шешім қабылдап, Әбдірашид Жүкенов пен Зәуре Кейкібасованы қызметінен босатты.

Барлық жаңалықтар