00:00
Астана -10oC
USD:
465.52
EUR:
498.2
RUB:
5.45
Іздеу

Жоғарғы Сот төрағасы сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

24.06.2024 | 10:38
Олжас Сүлейменов
120
Жоғарғы Сот төрағасы сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Фото: дереккөз

Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев судья және сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Судья және сот қызметкері күнімен құттықтаймын!

Сот жүйесі – мемлекеттіліктің маңызды тіректерінің бірі. Оның беделі мен азаматтардың сот билігіне деген сенімінің деңгейі сіздердің жоғары біліктіліктеріңіз бен моральдық-этикалық нормаларды сақтауларыңызға байланысты.

Бүгінде сот тәуелсіздігін нығайту бағытында маңызды бастамалар жүзеге асырылуда. Жаңа заңдар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтіп, сот төрелігі мен сот кадрларының сапасын арттыруға жағдай жасалуда. Цифрландыру және жасанды интеллект элементтері белсенді түрде енгізілуде.

Құрметті ардагерлер, судьялар және сот қызметкерлері!

Баршаңызға кәсіби біліктіліктеріңіз, адал еңбектеріңіз және сот қызметін жетілдіруге қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін алғыс айтамын.

Сіздерге шын жүректен ұзақ өмір, мол табыс, Отанымыздың өркендеуі жолында жаңа жетістіктер тілеймін, - делінген Жоғарғы Сот төрағасының құттықтауында.

Барлық жаңалықтар