Қорғаныс министрлігінде журналистерге құрмет көрсетілді
![Қорғаныс министрлігінде журналистерге құрмет көрсетілді](/img/articles/b654ed14ab006d58e53a7ac3933969bf.jpg)
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында салтанатты шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Оған телеарналардың, баспа және электронды БАҚ өкілдері қатысты.
Қорғаныс министрінің атынан журналистерді оның орынбасары Дархан Ахмедиев құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті. Ол халықты хабардар етуде, қоғамдық пікір қалыптастыруда және қоғамда әділ қарым-қатынас орнатуда ақпарат саласы қызметінің маңыздылығын атап өтті.
Жиырма бірінші ғасыр – ақпарат ғасыры деп аталады. Ақпарат адамның негізгі қажеттіліктерінің біріне, қоғам өмірін әлеуметтік ұйымдастырудың іргетасына айналды, – деді министрдің орынбасары.
Дархан Ахмедиев бүгінгі кездесу «төртінші билік» өкілдері мен қорғаныс ведомствосы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, Қарулы күштердің ашықтығын арттыруға және әскери қызметтің беделін нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді. Министрдің орынбасары қаламын қару етіп жүргендерге қажырлы еңбегі, ешнәрсеге бай-жай қарамайтындығы, кәсібіне адалдығы үшін алғысын айтты.
Бұл шара бірлескен медиа-жобаларды жүзеге асыруға және Қорғаныс министрлігімен өзара тиімді іс-қимыл жасайтын бұқаралық ақпарат құралдарының аясын кеңейтуге кезекті қадам болатынына сенімдімін, – деп түйіндеді ол.
Журналистерге тарту ретінде ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы мерекелік музыкалық бағдарлама дайындады.
![](/img/articles/53a083abd97c13731e49e2141a875d07.jpeg)
![](/img/articles/c63f1d5c4e15629809909e2d148cb86f.jpeg)
![](/img/articles/ba85ebdcf2ebcc46c9c5d000e8bc6a1a.jpeg)
![](/img/articles/8b9ee800bc114d89d4f594ea158658c5.jpg)
![Қарағанды облысының полицейлеріне 200 жаңа қызметтік көлік берілді](/img/articles/53a083abd97c13731e49e2141a875d07.jpeg)
![Елімізде «Найза-Антитеррор-2024» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы аяқталды](/img/articles/c63f1d5c4e15629809909e2d148cb86f.jpeg)
![Елордада TURAQTY JOL экологиялық акциясы ұйымдастырылды](/img/articles/ba85ebdcf2ebcc46c9c5d000e8bc6a1a.jpeg)
![«Тұмар-2024» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды](/img/articles/8b9ee800bc114d89d4f594ea158658c5.jpg)
![Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды](/img/articles/4414468cdc01d4d0c4aa9d0c785f7a92.jpg)
![Елордада пікірсайыс академиясының ашылуы өтті](/img/articles/7be41263418b0fd583740961c09f3a34.jpg)
![Қазақстан Париж Паралимпиадасына тағы екі квота алды](/img/articles/11607614e75cf4a8634c74b5c892dddd.jpg)
![Алматылық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады](/img/articles/30e89cbd8545971e130e709e7747f6e9.jpeg)
![Тұрсынбек Қабатов 5 тәулікке қамауға алынды](/img/articles/8313041783f64de3c516c187e542588d.jpeg)
![«Соңғы тексерістерден өттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығы жайлы айтты](/img/articles/b7d2ea1aa79b3eff66fa9ec2200580eb.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)