00:00
Астана -10oC
USD:
465.52
EUR:
498.2
RUB:
5.45
Іздеу

Жұлдыз Әбдікәрімова: Әділетсіздік көрсем де үн қатпаймын

Жұлдыз Әбдікәрімова: Әділетсіздік көрсем де үн қатпаймын
Фото: дереккөз

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің instagram парақшасында өмірі жайлы толғанып, қазір қандай күйде жүргенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Өнер иесі басына қандай іс түссе де, ешкімге кінә артпайтыны туралы жан сырын ақтарды. 

«Ауруханада жатып, көп ойландым. Мен кіммін? Нендей тірлік етіп жүрмін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Ата-анама қандай перзентпін? Балаларыма қандай анамын? Өзге тұрмақ, өзімнің мыңдаған сұрағыма толық жауап бере алмадым. Бір түсінгенім, менің таңдауым басқаша екен. Қандай сынақ келсе де, батпандай әділетсіздік көрсем де, менің әрекетім  үн қатпау, топырақ шашпау, бет жыртыспау, ақталмау! Жаратқанға әр әрекетім үшін жауабым, жиған сауабым, ізгі амалым бар ма? Мен үшін сұрақтардың ең маңыздысы осы екен. Дүниеде ең оңайы  ақыл айту емес пе?! Ал менің таңдауым  үнсіздік екен», - деп жазды Әбдікәрімова.

Барлық жаңалықтар