00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Журналистердің сауалына жазбаша жауап беру мерзімі қысқарады

30.11.2023 | 06:36
34
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Министрдің айтуынша, заң жобасы Парламент қабырғасына кірген 5 айдың ішінде 20-дан астам отырыс өткен. Сондай-ақ министрліктің, үкіметтік емес ұйымдар мен медиа-сарапшылардың қатысуымен 200-ден аса толықтырулар енгізілді.

Болашақ заң ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға шағым түсіру кезеңіне шек қоймайды. Десе де, БАҚ өкілдерімен ұзақ талқылау барысында, азаматтардың жеке мүліктік емес құқықтарының бұзылуына жол бермес үшін, 3 жылдық шектеу мерзімін бекіткен дұрыс деп шешілді. Екіншіден, заң журналистер жолдайтын сауалдарды нақты градациялап (ауызша, жазбаша, коментарий, ресми түсініктеме), оларға берілуі тиіс жауаптарға нақты мерзім белгілейді.

Мәселен, жазбаша жауап беру мерзімі 7 жұмыс күнінен 5-еуге қысқартылды, - деді А.Балаева.

Сондай-ақ еліміздегі заңсыз спутниктік ақпарат құрылғыларымен күресу мақсатында отандық құрылғылар орнатуға арнайы субсидия қарастырылады. 

Мемлекеттің ақпараттық тапсырысын тиімді ету үшін қаржыландырудың гранттық жүйесі енгізіледі. Ол ең бірінші кезекте жобалардың шығармашылық әлеуетіне бағытталады.

Журналистерді түрлі шараларға қатысуға аккредитациялауды автоматты түрде жасау үшін арнайы пресс-карта енгізу ұсынылады. Жалпы, жоғарыда аталған әрбір жаңалықтың түбінде тиянақты сарап пен мұқият еңбек жатыр, - деді министр.

Сөз соңында министр осы заң жобасын халық қалаулыларын қолдауды сұрады.

Сабина КӘКІМЖАН

Барлық жаңалықтар