00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Жамбыл облысындағы орман шаруашылығында өрт шықты

Жамбыл облысындағы орман шаруашылығында өрт шықты
Фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысы Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты Сарыкөбі орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлады Elorda.info.

5 маусым сағат 02:00-де «Меркі» орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты Сарыкөбі орман шаруашылығы аумағындағы өрт аумағы 1750 гектарға жетті.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру үшін облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, төтенше жағдайлар департаментінің басшысы А.Тоқанов, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н. Егембердиев оқиға орнына барды.Барлығы 244 адам, 50 бірлік жұмылдырылды, яғни 100 орман шаруашылығы қызметкері, 13 трактор, 2 автоцистерна, сондай-ақ 12 жеңіл автокөлік, 1 тікұшақ және "Қазавиалесхрана" 6 қызметкері болды, – деп мәлімдеді Жамбыл облысының әкімдігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің 84 қызметкері мен 9 бірлік болды.

Орман шаруашылығы аймағы аудандағы ең жақын елді мекеннен 160 км қашықтықта орналасқан.

Барлық жаңалықтар