Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 315 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 77%-ы қазақ тілінде, 23%-ы орыс тілінде, 200-ден астам адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлады Elorda.info.
ҰБТ басталғалы шекті балды 78% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 70 балды құрады.
Ең жоғары балл – 140. Оны ҰБТ-ны өткізудің алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі Жаннұр Еңсебек жинады. 139 балды 2 тестіленуші: Шығыс Қазақстан облысының түлегі Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысының түлегі Нұрболат Жұбатқан жинады. Атап өтсек, аталған үш талапкер ауыл мектептерінің түлегі. 6 бала 138 балл, 20 бала 137 балл жинаған.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға жеті аптаның ішінде 639 талапкер қатысты.
Бүгінгі таңда 596 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 375 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 179 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 42 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ, - делінген Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратында.
Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.
![](/img/articles/afebee00af68e68574dc4b0c01f03465.jpg)
![](/img/articles/b55e175d8ad62f91cafdc7910b78af8c.jpg)
![](/img/articles/7b7c501f7437f65ec084e04d02edc99d.jpg)
![](/img/articles/b7f411621842d7f25bcbd1e692ec8f4e.jpg)
![Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары Астанада экожәрмеңке ұйымдастырды](/img/articles/afebee00af68e68574dc4b0c01f03465.jpg)
![Қызылорда облысында дүкенде өрт сөндірілді](/img/articles/b55e175d8ad62f91cafdc7910b78af8c.jpg)
![Мемлекет басшысы «Жылу энергетикасы туралы» заңға қол қойды](/img/articles/7b7c501f7437f65ec084e04d02edc99d.jpg)
![«Елорда кубогы»: Астанада бәйге түрлері бойынша республикалық жарыс өтті](/img/articles/b7f411621842d7f25bcbd1e692ec8f4e.jpg)
![Елордада Ұлттық домбыра күніне орай концерт өтті](/img/articles/e629c048075ca4f2dc172936a59f1c4d.jpg)
![Президент кейбір заңнамалық актілерге қол қойды](/img/articles/148719b94540bfa10b8720cd8e1cf75c.jpg)
![Бакуде Әзірбайжан-Қазақстан ғылыми-білім беру орталығы ашылды](/img/articles/54e349e9d1cee07673f74db1c0b17868.jpg)
![Ел бойынша Ұлттық домбыра күніне орай 200-ден астам іс-шара өтті](/img/articles/add17d9882f86e2a26e16ea50e8e9e54.jpg)
![Астанада IBO-2024 халықаралық олимпиадасы басталды](/img/articles/a2bba2fe2f6f3a796a3605feab6a1619.jpg)
![«Елорда кубогы»: Астанада бәйге түрлері бойынша республикалық жарыс өтті](/img/articles/7a5289fb48881b82b3a53ba024837b22.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)