00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды

05.07.2024 | 11:22
Торғын Аман
135
Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды
фото: ҚР ҰҚК

ҰҚК Қызылорда және Маңғыстау облыстары бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлады Elorda.info.

Маңғыстау облысында 10 кг гашиш өткізу кезінде Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.

Тінту барысында олардан 50 г апиын, 4 000 АҚШ доллары және 4 млн теңгеден астам қаражат алынды. осындай қылмыс жасағаны үшін түзеу мекемесінде отырған шетелдік азамат есірткі арнасын ұйымдастырған. Бұл факті Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның көмегімен анықталды. 

«Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды», - деді ҰҚК баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар