00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Туған күнінде орамал таратқан Қарақат Әбілдина сынға қалды

22.04.2024 | 11:02
67
 Туған күнінде орамал таратқан Қарақат Әбілдина сынға қалды
Фото: Instagram/karakat_a

Көпке танымал әнші Қарақат Әбілдина туған күнін құрбыларымен атап өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, кештен үзінді көрсетті. Қарақат Әбілдина туған күніне келген қонақтарға орамал таратқан.

Көтермесе көңілді кір басады. Көктеміме көрік беріп, көңілімді көтерген көріктілеріме сән үйімен бірігіп дайындаған  «Қарақат» орамалдарын сыйға тараттық.  Барлығыңызға жетпей қалды енді. «20» дайындап едік. Бұйырса қарақат жемісі бейнеленген әдемі приндпен жаңа топтамалар күтіңіздер. Бүгінгі кеш, ықылас-ниеттер үшін рақмет, алтындарым, - деп жазды әнші.

Алайда әншінің оқырмандары түрлі пікір жазды.

Көк түсті күйеуі қайтқан әйел тағады деп әжелеріміздің айтқаны есімде қалып қойыпты. Қарақат жас болып білмеген шығар. Бұл ырымды бәрі біледі», «Көк түсті негізі күйеуі бар әйел тақпайды деп еститін едік» - деп жазды желі қолданушылары.

Бұған қатысты эстрада жұлдызы өз пікірін білдірді.

Ашық көк түс – менің ұнататын түсім. Мұны көктемнің түсі деп айтамын. Көктеу деген жақсы ниет.  Сол себепті жақсы тілекпен байланыстырамын. Сондай мақсатпен  мен кеше қыздарыма сән үйімен бірігіп, қарақат жемісі бейнеленген әдемі ашық түсті көк  орамалдарын сыйға тартқан болатынмын.

Кейбір оқырмандарын осы түске байланысты өзінің қорқынышты пікірлерін де жазған екен. Мен ол пікірлермен еш келіспеймін. Оған ешқандай дәлел жоқ. Менде үлкен отбасыда тәрбиеленіп өскен, біразды көрген, жанмын ғой. Қаншама адамдармен араласып жүрмін, - деп жауап берді әнші.

Барлық жаңалықтар