00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Сотта Бишімбаев өлімге себеп болған жанжалдың неден шыққанын айтты

03.04.2024 | 11:12
Сабина Кәкімжан
109
Фото: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен

Экс-министр қайғылы оқиға орын алатын күні марқұм Салтанат Нүкеновамен бірге Дима Биланның концертіне барған, деп хабарлады Elorda.info.

Бәрі жақсы болған. Біз Орталық концерт залына кірдік. Бұл уақытта ұрысқа себеп болатын ештеңе болмады. Фойеде мен танысымды кездестірдім. Кейін ол менің бетімнен сүйді. Солай біз амандастық. Ал Салта аздап ашулана баситады. Кейін оның кім екенін сұрады. Мен ол таныс әріптесім екенін айттым. Біз концерт өтетін, залға кірдік. Жолда Салтанат «мүмкін  шампанға тапсырыс берерсің» деді.  Кейін мен мейрамханадан үш үлкен стакан шампанға тапсырыс беріп, сыртта күттім, - деді Бишімбаев.

Бишімбаевтың айтуынша, ол концертке кешігіп барған. Өйткені көшедегі мейрамханадан шампан әкелетін даяшыны 40 минут күткен.

Содан ол күні-бойы шаршағандықтан  концерт бітпей кеткісі келген. Бірақ Салтанат Нүкенова Бишімбаевты «бірге келдік, бірге кетейік» деп көндірген.

Кейін экс-министр  концерт кезінде әйелінен неге оған дезодорант сатып алмағанын сұраған. Бірақ Салтанат Нүкенова күндізгі уақытта жеткізу құны қымбат әрі оған ақша жұмсағысы келмегенін айтқан.   

Нәтижесінде екеуінің арасында жанжал шығады. Артынан олар залдан ертерек шығып, BAU мейрамханасына барады.

Мейрамханада біз ішімдік іштік, кейін мен оны тек тыңдап отырдым, - деді Бишімбаев.

Экс-министрдің айтуынша, Bau мейрамханасында ол үш сағаттай Салтанат Нүкенованы тыңдаған.

Сен мені кінәлайсың, бірақ менің ойымша, сен бәрін өзің бастайсың, -дедім. Алайда біз ұрысқан жоқпыз. Мен тек оны тыңдадым. Бұл диалог шамамен үш сағатқа созылды. Сол уақытта тағы бір бөтелке шампанға тапсырыс бердік. Мен ол шампан ішеді, кейін демалады сосын осы жағдай бойынша мәселе жабылады деп ойладым, - деді Бишімбаев.

Барлық жаңалықтар