00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Сот 470 миллион теңге жымқырған шенеуніктерді ақтап алды

20.04.2023 | 21:30
63
Фото: ашық дереккөз

Атырауда сот 470 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған азаматтарды ақтап үкім шығарды деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл қаржы Дамба ауылындағы үш спорт залы мен 300 орындық мектептің, сондай-ақ Көкарна және Қара Депо ықшам аудандарындағы отбасылық-дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына бөлінген.

Айыптаушы тараптың айтуынша, ақшаны мердігер, оның туысы, облыстық Құрылыс басқармасы басшысының екі орынбасары мен Құрылыс басқармасы бастығы ұрлаған. Олар орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған. Олардың сыбайластары техникалық қадағалау жөніндегі екі инженер мен коммерциялық фирманың директоры болды.

Сонымен қатар мердігерге 2019-2020 жылдары жалған шот-фактуралар берген деген айып тағылғаны айтылады.

Сотта анықталғандай, қылмыстық іс қозғалған кезде нысандар әлі аяқталмаған. Мердігермен жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылмаған. Сонымен қатар сөз байласу фактісін дәлелдеу мүмкін болмаған.

Тапсырыс берушімен құрылысқа ақшалай қаражат уақтылы бөлінбеуі, бұл қосымша шарттар жасауға жасауға себеп болғаны, пандемия жұмыс күшінің болмауына, құрылыс материалдарының қымбаттауына әкеп соққаны, мердігердің өзі ЖСҚ-да көзделмеген қосымша жұмыстарды орындалғаны, тиісінше, бұл қосымша жұмыстар құрылыс-экономикалық сараптамалар жүргізу кезінде ескерілмегені және т. б. куәлік еткен мән-жайлар сотталушылардың жымқыруға немесе осындай жымқыруға жәрдемдесуге тікелей ниеті болмағаны анықталған, - делінген сот мәлімдемесінде.

Сонымен қатар сот Экономикалық тергеу департаментінің тергеу барысында, оның ішінде жасырын әрекеттер кезінде заң бұзушылықтарды анықтаған.

Айыптаушы тараппен сотқа кейбір сотталушылар жымқыру әрекетін жасады деп айыпталған бюджеттік ақшалай қаражаттың қалай сеніп тапсырылғаны туралы дәлелдер ұсынылмаған, - деп қосты сотта.

Прокурор сотталушыларды бірнеше жыл және өмір бойына мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып қалған айыпталушыларды 7-10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған. Сотталушылардың тарапы оларды ақтауды сұрады.

Сот олардың әрекеттерінде өздеріне тағылған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты барлық эпизод бойынша кінәсіз деп таныды. Сот сотталушылардың қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген заңсыз қылмыстық қудалау үшін зиянды өтеу құқығын таныды.

Барлық жаңалықтар