00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Шымкент тұрғыны бұрынғы сүйіктісінен 20 мың АҚШ долларын бопсалаған

19.12.2023 | 14:30
51
фото: polisia.kz

Экс-сүйіктісінен миллиондаған ақша бопсалаған шымкенттік қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қала тұрғыны бұрын бірге тұрған ер адамның өзін қорқытып жүргені туралы полицияға жүгінген. Арызданушының айтуынша, ер азамат оның интимдік видеоларын интернетке таратпау үшін 20 мың доллар талап еткен. 

Күдіктіні қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері талап етілген соманың 2 миллион теңгесін алу үстінде ұстады. 

Осы жайт бойынша полицейлер тергеу әрекеттерін бастады. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Құқық қорғаушылар мұндай жағдайларда дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.

Барлық жаңалықтар