00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Серт» республикалық детектив жанрындағы шығармалар байқауының жеңімпаздары анықталды

21.12.2023 | 04:30
58
фото: polisia.kz

 «Серт» республикалық детектив жанрындағы әдеби шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды,  деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаламгерлер бәйгесінің негізгі мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің қиын да күрделі қызметін халыққа жан-жақты ашып көрсету. Елімізде детектив жанрының негізін қалаған жазушылар Дмитрий Снегин, Қалмұхан Исабаев, Амантай Байтанаев және Кемел Тоқаев. Олардың шытырман сюжеттері әлі күнге дейін оқырмандардың жадында. 

Байқауға ішкі істер органдарының ардагерлері, заңгерлер, кәсіби әдебиетшілер қатысқан. Олардың еңбектеріне есімдері елге танымал отандық жазушылар, ақындар мен әдебиетшілер баға берді. 

«Қанатты қалам» номинациясын «С моих слов записано верно» шығармасының авторы Владимир Бычков,

«Сөз сардары» номинациясын «Аманат» шығармасының авторы Айнұр Сембаева,

 «Шытырман оқиға шебері» номинациясын «Сабыр из убойного отдела» шығармасының авторы Сая Исабай,

 «Қарымды қаламгер» номинациясын «Набат» шығармасының авторы Төкен Әлжантегі иеленді. 

Үшінші орынды «Гражданин начальник» шығармасының авторы Дихан Баймұхамбетов иеленді. 

Екінші орынды «Сен бүгін ерекше әдемісің» шығармасының авторы Жадыра Шамұратова қанжығалады. 

Бірінші орынды «Киллердің қателігі» туындысының авторы Анарбек Мұхтар алды. 

«Серт» байқауының бас жүлдесі «Фартовый» туындысының авторы Бекболат Сарбасовқа бұйырды. Шығармада ол полицияда жұмыс істеген кезінде өзі куә болған оқиғаларды сипаттайды. Ішкі істер министрі Ержан Саденов жеңімпаздарды құттықтады.

Естеріңізге сала кетейік, «Серт» республикалық детективтік әдеби шығармалар байқауын ел тарихында алғаш рет Ішкі істер министрлігі 2021 жылы өткізген болатын. Оның қорытындысы бойынша қазіргі жазушылардың детектив жанрындағы шығармалары бар екі томдық жинақ жарыққа шықты.

Барлық жаңалықтар