00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Рухани кездесу студенттердің таным көкжиегін арттырады – Сәкен Есіркеп

29.09.2023 | 07:30
35
Фото: Василий Крась

Бүгін астаналық студенттер зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Еуразия Ұлттық университетінде  «Тіл – ұлттың жаны»тақырыбында өткен семинар-форум өтті. Оған Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп, әдбиеттанушы ғалым Серік Негимов, ақын Серік Сейітман және университет ұстаздары мен студентте қатысты. 

29-09-5.jpg

Еркін форматта өткен кездесуді Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Қазақстан жазушылар одағы» Астана қалалық филиалы бірлесіп ұйымдастырды.  

29-09-4.jpg

Кездесу мақсаты – жас ұрпақ бойына елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіру, бейбіт күннің қадірін ұқтыру, Тәуелсіздіктің қасиетін жастарға дәріптеу арқылы ұлттық рухани құндылықты бойына сіңіру. Сондай-ақ  оларды тіл тазалығы мен мәдениетін сақтауға шақыру. Мұндай кездесу студенттердің таным көкжиегін кеңейтуге септігін тигізеді, - деді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта қаладағы өзге ЖОО-да өткізіледі. 

Барлық жаңалықтар