00:00
Астана -10oC
USD:
450.79
EUR:
482.21
RUB:
5.05
Іздеу

Роза Рымбаева: Бүкіл әлемді көрсетуге дайынмын

Роза Рымбаева: Бүкіл әлемді көрсетуге дайынмын
Фото: rozarymbaeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева желіде немересімен түскен видеоны жариялап, елді сүйсінтті. Қалың көпшілік жұлдызды отбасыға тәнті болды, деп хабарлады Elorda.info.

Роза Рымбаева немересі Зейінмен түскен видеосын Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Онда әнші мен немересінің ұшақта отырғанын көруге болады.

Мен саған бүкіл әлемді көрсетуге дайынмын, - деген жазба қалдырды жұлдызды әже.

Желі қолданушылары жұлдызды отбасының ерекше сәтіне тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген.

«Немереңіздің қызығына тоймай жүре беріңіз», «Зейін үлкен азамат болсын», «Осы немереңізден шөбере сүюді нәсіп етсін», «Қандай керемет сәт. Немереңіздің өмір жолы ашық болсын», «Елі мақтан тұтатын азамат болып өссін», «Көз тимесін. Немерелеріңіз көбейе берсін» деп жазды көпшілік.

Барлық жаңалықтар