00:00
Астана -10oC
USD:
465.52
EUR:
498.2
RUB:
5.45
Іздеу

Елде «Олимпиада күні туылған» акциясы ұйымдастырылды

24.06.2024 | 11:16
Сабина Кәкімжан
74
Елде «Олимпиада күні туған» акциясы ұйымдастырылды
Фото: Olympic.kz

23 маусым күні туылған барлық нәрестені Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ерекше құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Халықаралық Олимпиада күні туылған еліміздегі барлық сәби арнайы сертификат, құттықтау хаты және естелік сыйлықтарға ие болды. 

«Олимпиада күні туылған» дәстүрлі акциясы өтті. Ол еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қамтыды. Акцияға Қазақстанның барлық өңіріндегі 240 перзентхана қатысты. 

23 маусымда туылған сәбилерге арналған мерекелік жиынтық «Olympian is born»  («Өмірге олимпиадашы келді») жазбасы бар боди мен олимпиадашылар атынан жолданған құттықтау хаттан тұрады. 

Ұлттық Олимпиадалық комитет бұл дәстүрге ерекше жылылықпен қарайды. Біз үлкен олимпиадалық отбасымызға қосылған барлық сәбиді осылай қарсы аламыз. Өмірлік таңдауының қандай боларына қарамастан, біз осы бір ерекше дата – Халықаралық Олимпиада күнінде туылған әрбір баланың алдағы уақытта да жеңімпаз боларына сенеміз. Олардың армандары міндетті түрде орындалуын тілейміз. Біздің спортшылар ең батыл деген бала армандардың шындыққа айналатынын дәлелдеп шықты. Қазіргі чемпиондардың жаңа туған сәбилерге жолдаған тілегі өмірін енді бастаған бөбектер мен біздің олимпиадашылар арасындағы бұзылмас байланыс іспетті, - деп атап өтті Қазақстан ҰОК. 

Барлық жаңалықтар