00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Іздеу

Елордада пікірсайыс академиясының ашылуы өтті

28.06.2024 | 21:06
Сабина Кәкімжан
215
Елордада пікірсайыс академиясының ашылуы өтті
Фото: ұйымдастырушылардан

Іс-шара елдің белсенді және білімді жастарына дебат технологиясын үйрету, сыни ойлау және шешендік өнер дағдыларын дамытуды мақсат етеді, деп хабарлады Elorda.info.

Пікірсайыс академиясына еліміздің  15 өңірінен келген алпыстан аса оқушы қатысты.

Академия жаттықтырушылары ретінде тек республикалық және халықаралық деңгейде жетістікке жеткен Қазақстанның ең беделді және тәжірибелі пікірсайысшылары ғана емес, сонымен қатар Ұлыбритания, Польша және Гана елдерінің өкілдері шақырылды. Арнайы әзірленген оқыту бағдарламасы оқушыларға пікірсайыс пен белсенді азаматтық ұстаным және патриотизм дағдыларын меңгеруге көмектеседі.

Пікірсайыс үйретумен қатар, қатысушылар үшін мотивациялық кездесулер де өтті. Ашылу күні құрметті қонақ ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – Қарағанды дебат мектебінің түлегі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов келді. Ол өзінің пікірсайыстағы және өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жеке даму жөнінде кеңестер берді.

Асхат Қанатұлы өз сөзінде дебат қозғалысының ерекшеліктері және оның азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі туралы айтты. Сонымен қатар, ол қазіргі әлемдегі жасанды интеллектінің жоғары деңгейде дамығанын атап өтті.

Әлемде жасанды интеллект барлық салалардағы коммуникация және басқарудың негізгі құралына айналған кезде, адам бойындағы негізгі дағды ретінде креатив, шығармашылық және сыни ойлау көрінеді. Пікірсайыс болса бұл дағдылардың барлығын жоғары деңгейде дамытады, - деді Асхат Қанатұлы.

Барлық жаңалықтар