00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Олжас Бектенов: Энергетика мамандықтарына грант санын көбейту керек

10.05.2024 | 11:32
91
Олжас Бектенов: Энергетика мамандықтарына грант санын көбейту керек
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы әлеуметтік блок министрліктеріне мамандар тапшылығы бар жылу және электр энергетикасы саласын кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін пысықтауды тапсырды. Ол үшін Еңбек, Ғылым және Оқу-ағарту министрліктері осы саладағы еңбек нарығының ағымдағы жағдайына толық талдау жүргізіп, қажет болса тиісті мамандықтарға гранттардың санын көбейтуі керек.

 Оқу орындары жоғары білікті инженерлерді, энергетиктерді, гидротехниктерді, энергоаудиторларды, электриктерді және басқа да мамандарды даярлап шығаруы тиіс. Сондай-ақ аға буын кадрлардың білімі мен тәлім-тәжірибесін жастарға беру мәселесін қамтамасыз ету керек. Еліміздің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйелердің тұрақты жұмысы осыған байланысты, - деді Олжас Бектенов.

 

Барлық жаңалықтар