00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қолайсыз ауа райы: Бүлдіршіндер үйде уақытты қалай тиімді өткізсе болады?

14.02.2024 | 06:07
46
Фото: ашық дереккөз

Қарлы боран, қатты аяз секілді ауа райының қолайсыз күндері бүлдіршіндердің көбі мектеп пен балабақшаға бармай, аулаға шығып ойнай да алмай үйде отыруға мәжбүр болады. Бұл әсіресе қыс айларында Астанада жиі кездесіп тұратын жағдай. Осындай уақытта балалар өздері үшін қызықты және даму қабілетін арттыратын бірнеше әрекеттермен айналыса алады, деп хабарлады Elorda.info

Төменде жас оқырмандар үшін пайдалы түрлі әрекеттердің бірнешеуінің тізімін ұсынамыз: 

  • Шығармашылық жобалар: Сурет салу, импровизацияланған материалдардан қолөнер туындыларын жасауға болады. 
  • Үйде жасауға болатын ғылыми тәжірибелер: Қарапайым және қауіпсіз түрлі тәжірибелер ұйымдастыруға да болады. Мысалы, ата-анасының қарауында, су немесе майдан лава шамын жасау немесе тұз бен қант кристалдарын зерттеу сынды көптеген эксперименттік жұмыстармен айналысуына болады. 
  • Электронды оқулықтар: Бүлдіршіндер түрлі платформалар арқылы қазақша ертегілердің аудионұсқасын тыңдай алады. Ол үшін онлайн платформаларға кіріп,   «қазақ ертегілерінің қазақша аудионұсқасы» деп іздесе жеткілікті.
  • Ойындар мен басқатырғыштар: Үстел ойындары, түрлі басқатырғыштар,  отбасымен көңіл көтерудің тамаша тәсілі. Сонымен қатар бұндай ойындар  баланың логикалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Бұл ретте, «Логикалық текшелер», «Сәйкестік ойындары» секілді танымал ойындарды ойнауға болады. 
  • Виртуалды экскурсиялар: Цифрлы интернеттің қарыштап дамыған заманында әлемдегі мұражайларға, хайуанаттар бағына және тарихи орындарға виртуалды саяхат жасау мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін бар болғаны «Google Arts & Culture» (artsandculture.google.com) сайтына кірсеңіз болғаны. Аталмыш сайт арқылы  дүние жүзіндегі мыңдаған мұражайлардың коллекцияларын, сондай-ақ тарихи орындарын, өнер галереялары мен әлем ғажайыптарымен танысуға виртуалды қол жеткізе аласыз. Бұл да бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, уақытын тиімді өткізуге таптырмас құрал.

Аталмыш кеңестер балаларға көңілді және пайдалы уақыт өткізуге көмектесіп қана қоймай, олардың дамуы мен отбасылық байланыстарын нығайтуға да көмектеседі.

Барлық жаңалықтар