00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қоғамда шу тудырған ток-шоу жабылады – министр

13.03.2024 | 12:51
58
Фото: дереккөз

Қоғамда шу тудырған  «Хабар» арнасындағы  «Бірақ...»  ток-шоуына қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланы қорғау жөніндегі қызметті үйлестіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды насихаттау Министрліктің басты міндеттерінің бірі.

Өз кезегінде, 11 наурыздан бастап «Хабар» арнасында отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған «Бірақ...» бағдарламасының шығарылымы ұйымдастырылды. Алайда, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатты.

Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді.

Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді.

Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады, - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, «Хабар» телеарнасында жуырда көрерменге жол тартқан «Бірақ...» бағдарламасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Тіпті желі қолданушыларының шамына тиді.

Барлық жаңалықтар