00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мөлдір Әуелбекова: Әрбір ғайбат үшін міндетті түрде жауап бересіз

22.04.2024 | 16:08
66
Мөлдір Әуелбекова: Әрбір ғайбат үшін міндетті түрде жауап бересіз
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өмірі туралы пікір білдіріп жүргендерге қатысты жазба жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Әрдайым «Адамның сыртынан тон пішпеңіздер, өлшемі келмей қалады!» деп айтамыз. Себебі сіз ол адамның басынан қандай жағдай өтіп жатқанын, күйбіңде не күн кешіп жатқанын білмейсіз. Әртүрлі жаман, артық сөз жазып, басыңызға бес елі күнә жинайсыз. Есіңізге салайын: сол әрбір ғайбат үшін міндетті түрде жауап бересіз. Ең ауыры – айтқан әр жаман сөзіңіз өзіңіздің басыңызға келмейінше өмірден өтпейсіз. Мейлі жеке басыңызға келмесе де, балаңыз, немереңіз, бауырыңыз арқылы Алла келтіреді. Алла уәдесінде тұрушы, Ұлық! Сол себепті, сақ болыңыздар мұсылман бауырлар! Оның орнына жақсы ойлап, жақсы сөз жаудыра беріңіздер! Ол да басыңызға еселеп келе береді. Құшақтадым! – деп жазды әнші.

Барлық жаңалықтар