00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Іздеу

Маңғыстау облысы: Құрықта жастар арасында топтасып төбелесу тиылмай тұр

01.07.2024 | 09:54
Торғын Аман
97
Маңғыстау облысы: Құрықта жастар арасында топтасып төбелесу тиылмай тұр
фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының тұрғындары жастар арасында өшпенділік өршіп бара жатқанын айтады. Соңғы бес айда екіге бөлінген ауыл балалары үш мәрте жұдырықтасып, екі бала ауыр зардап шегіп, қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Elorda.info КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Баласының болашағын уайымдаған ата-аналар төбелестің соңы атысқа ұласып жатыр деп ашынып, тәртіпсіздіктің тыйылмағанына полицияны кінәлайды.

«Автобаза» мен «шағын аудан» болып төбелес болып жатқан жағдайды айтқым келіп отыр. Балаларымыз мұндай жағдайда жұмыс істей алмайды. Туған сіңлімнің баласын сүйреп, стадионға алып кетті. «Автобазаның баласы» деп сүйреп алып кетті. Әкесі де, шешесі де жазған жоқ. Жазу міндетті емес сияқты, өйткені бәрін камера түсіріп тұр. Мешіттің де, дүкеннің де. «Ақтау 112» сайтына да кетті. Елдің бәрі көріп отыр, бірақ еш жаза қолданған жоқ», - деді ауыл тұрғыны Индира Нұрмағанбетова.

«Жасыл елде» балалар істеп жүр. Балам екі апта ғана істеп, төбелестің кесірінен жұмысқа шыға алмай отыр. Шықпай қалған күнге еңбекақысын да ала алмайтын болды. Тіпті азық-түлік сатып алу үшін баланы жалғыз өзін жіберуге қорқатын болдық», - деді ауыл тұрғыны Зүлфия Батырбаева.

Ауыл жастары екіге бөлінген. Бір-бірінің аумағына өтіп кеткендерді өлімші етіп сабап тастайды екен. Мәселен, соңғы бес айда жастар үш мәрте төбелесіпті. Соңғысында 19 жастағы жігітті ұрлап әкетіп соққыға жыққан. Ол жансақтау бөлімінен бір-ақ шығыпты. Қазір осы оқиға бойынша екі бірдей қылмыстық іс тергеліп жатыр. Десе де полицейлер қылмыстық іс «сотқа жетпей қалады» дейді. Өйткені ауыл тұрғындары бір-біріне арыз жазбайды. Қазір Құрық ауылында рейд күшейтіліп, облыстан арнайы жасақ жіберілген. Енді қызметкерлердің санын арттыру мәселесі қаралып жатыр дейді тәртіп сақшылары.

 «Полиция департаментінің қолдауымен 17 камера қарастырылып отыр. Аудан әкімінің қолдауымен 58 камера орнатылады. Нақты қоятын жері беріліп, қаражаты шешілген нәрсе. Ауданымыздың ауқымы үлкен. Штат санына келгенде проблема бар. Алайда ол да күн тәртібіне қойылған мәселе. Шешіледі деп ойлаймын»,- Қарақия ауданы ПБ бастығы Аманбек Шалбаев.

Барлық жаңалықтар