00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды

03.07.2024 | 13:05
Сабина Кәкімжан
117
61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Биыл жыл  басынан бері 61,6 мың азамат Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификат алды, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, олардың ішінде 32,6 мыңға жуығы – жұмыссыздар.

Платформада барлығы 437,8 мың қазақстандық тіркелген, оның 79,1 мыңы – 2024 жылы тіркелді.

Оқудан өткен 32,6 мың жұмыссыз азаматтың 9,4 мыңға жуығы  негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының және Шымкент қаласының жастары.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 494 курс жариялады, оның 257-cі – тегін. Сондай-ақ одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore және Fluent Education серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Маусым айындағы ең көп сұранысқа ие болған курстар: «Построение отдела продаж в отеле», «Кассир», «Продавец», «Страховой агент» және «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении».

Платформада тұру және тамақтану, құрылыс және ТКШ, әлеуметтік қызмет көрсету, қаржы және бухгалтерлік есеп, ақпараттық технологиялар және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы  тестілеу тапсырады. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі.

 

Барлық жаңалықтар