00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Іздеу

Словенияда «Астана Опера» әртістерінің өнерін 3 мың көрермен тамашалады

02.07.2024 | 17:08
Сабина Кәкімжан
216
Словенияда «Астана Опера» әртістерінің өнерін 3 мың көрермен тамашалады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

«Астана Опера» балет труппасы Люблянадағы 72-ші Халықаралық жазғы фестивальде «Спартак» қойылымын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлады Elorda.info.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, «Цанкарьев дом» мәдени орталығының сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бақтияр Адамжан, Мәдина Өнербаева, Әйгерім Бекетаева өнер көрсетті. Арман Оразов Красстың рөлін, ал Серік Нақыспеков Гладиаторды сомдады.

Қойылымды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының дирижері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен Словен филармониялық оркестрі мен әйелдер хоры сүйемелдеді.

Люблянадағы халықаралық жазғы фестивальге жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көрнекті әртістер мен ұжымдар қатысады. Аталмыш фестиваль – Еуропадағы ең беделді мәдени іс-шара. Бүгін осы фестивальде театрдың XI театр маусымын аяқтайтын «Астана Опера» балет труппасының екінші және қорытынды қойылымы өтеді.

Айта кетейік, бұл –  қазақстандық ұжымның алғашқы еуропалық туры емес. Осыған дейін «Астана Опера» әртістері Италия, Испания және басқа елдер сахнасында сәтті өнер көрсеткен болатын. Балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Алтынай Асылмұратова ұсынылған бағдарламалар жоғары деңгейде дайындалғанын атап өтті.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Барлық жаңалықтар