00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Ұлттық даму жоспарына енетін білім беру саласы мәселелері талқыланды

04.03.2024 | 12:17
67

Кездесу мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы мәселелерді талқылауға арналды.

Агенттік төрағасы Жандос Шаймарданов Ұлттық даму жоспары жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы айтып, оның мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаты ретіндегі рөлін атап өтті.

Бұл ретте, ол құжаттың жобасын сараптамалық қоғамдастықпен талқылау және пысықтау жөніндегі жұмыстың маңыздылығы жайлы айтты.

Ұлттық даму жоспарының жобасы бойынша мемлекеттік органдармен талқылау және келісу рәсімдері жүргізілді, бұл жоба «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында орналастырылды, қорытындысы бойынша азаматтардың бірқатар ұсыныстары түсті.

77777.jpg

Кездесу барысында қатысушылар білім беру саласын дамытуға бағытталған өз ұсыныстары мен бастамалары туралы айтты. 

Атап айтқанда, сарапшылар мектепке дейінгі білім беру сапасы мен балалардың қауіпсіздігі, мұғалімдерді даярлау және мектеп оқушыларының жетістіктерін өлшеу, колледждерді қаржыландыру және т.б. тақырыптарды қозғады.

Кездесу нәтижесінде қатысушылар бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті. 

Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру сапасы бойынша сарапшы Г.Киікова, орта білім беру саласындағы зерттеуші және талдаушы Ә.Көпеева, «Астана» халықаралық университетінің президенті С. А. Ирсалиев, сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, техникалық және кәсіптік білім беру саласының және кәсіби оқыту орталығының өкілдері қатысты.

Барлық жаңалықтар