00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталады

30.04.2024 | 17:49
106
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталады
Фото: ашық дереккөз

Мәдениет және ақпарат министрлігі қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті атақ қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды, қайырымдылық ұйымдарын және қайырымдылық волонтерлерін қолдауға бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 мамырдан басталып, 2024 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады.

Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға (МАМ) құжаттарды хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, МАМ кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) немесе zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайына жолдай алады.

Жеңімпаздар Парламент депутаттары, азаматтық және квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссияның шешімімен айқындалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда мына нөмір бойынша хабарласуға болады: (87172) 740674. Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру ережелері туралы толығырақ мына сілтеме арқылы білуге болады.

Барлық жаңалықтар