12,7 млн га проблемалы жерлер бойынша нақты шешімдер қабылданды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/zemlya_1_01461fb492.jpg)
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысында жұмыстың алдын ала қорытындысы шығарылды, деп хабарлады Elorda.info.
Мәселен, 12,7 млн га проблемалы жерлер бойынша нақты шешімдер қабылданды: 2022 жылдың басынан бері 9,5 млн га мемлекет меншігіне қайтарылды, жер пайдаланушылар 3,2 млн га жерді игеруге кірісті.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері жер пайдаланушыларға қатысты (жалпы алаңы 2,1 млн га) жоспардан тыс 1 174 тексеру жүргізді. Нәтижесінде:
- жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1,45 млн га алаңға 852 ұйғарым шығарылды;
- сот органдарының қарауында 553,3 мың га алаңда 209 материал бар.
Сондай-ақ 2022 жылдың басынан бері 836,5 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру бойынша әкімдіктердің 566 заңсыз шешімі анықталды. Оның ішінде 153 шешімнің күші жойылса, қалған 413 шешімнің күшін жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Комиссия отырысында жерді қайтару көлемі жоспарланғаннан айтарлықтай төмен өңірлер тыңдалды. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту тапсырылды.
Мемлекет басшысы 2023 жылдың соңына дейін жалпы ауданы 10 млн гектарды құрайтын заң бұзушылықтармен берілген немесе пайдаланылмай жатқан жерлер бойынша нақты шешімдер қабылдау міндетін қойды. Президенттің тапсырмасы орындалуда, оның 9,5 млн гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар жер пайдаланушылар қосымша 3,2 млн гектарды айналымға енгізуге мәжбүр болды – қазір барлығы 12,7 млн гектар жер пайдалануда. Алдыңғы қатарлы өңірлер есебінен нәтижеге қол жеткізілді, алайда белгіленген көрсеткіштерден 30%-дан 50%-ға дейін артта қалған аймақтар бар. Біз жұмысты келесі жылы жалғастырамыз, бірақ біз жерді игеруге баса назар аударамыз. Ол үшін қажетті критерийлер әзірленетін болады, — деп түйіндеді сөзін Серік Жұманғарин.
![](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Демалыс күндері жаңбыр жаууы мүмкін](/img/articles/31ecf732d489a83cae2a638b3bb20f80.jpg)
![Елімізде жаңа көліктердің сатылымы екі есе артты](/img/articles/af10a9968045f57818497b7224c09832.webp)
![Президент Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады](/img/articles/a0140a0049c8311106d4c6912dc51e87.jpeg)
![Қазақстан азаматтығын алуға байланысты емтихан ережелері әзірленді](/img/articles/70955a68002eb32c9fc531a6e4ca2814.jpeg)
![Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі](/img/articles/4116edd1bbd4f533cf1d0067050f23e0.jpg)
![Түлектердің 77%-ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды](/img/articles/6778ba4a359c379ff5e10d5768a60b8f.jpg)
![Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады](/img/articles/b9e28b1bf1b1f53943ba925d9c588e84.jpg)
![Елімізде цифрлық ғылыми портал іске қосылды](/img/articles/8c705c2be80b04a07b1767ec2464086e.jpeg)
![Таяу Шығыстан Қазақстанға есірткі жеткізумен айналысқандар ұсталды](/img/articles/641c1ee0e4b228a221ba81a7ab86b7aa.jpg)
![Дина Төлепберген: 3 миллиондай Cobalt алуға болар еді](/img/articles/46492261baf6d3088db7b3b8ce03ee47.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)