00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Каспийде итбалықтар қырылып жатыр

11.04.2024 | 11:52
53
итбалық
фото: дереккөзден

Каспийде қырылған итбалық саны 100-ден асты. Бірақ экологтар сүтқоректілердің нақты неден қырылғанын дөп басып айта алмай отыр, деп хабарлады Elorda.info КТК арнасына сілтеме жасап.

Мамандар Түпқараған ауданына барып жағалауда барлау жүргізген. Судан сынама алып, сараптама жасапты. Алайда теңіз суынан қоспалы ертінділер таппаған. Ал облыстық балық инспекциясының қызметкерлері «бұл жыл сайын қайталанатын құбылыс» деп отыр.

Итбалықтар теңіздегі қатты дауылдан кейін өлуі мүмкін деген де болжам айтылуда. Алайда нақты неден қырылғаны белгісіз.

Сондықтан өлекселердің көбеюіне байланысты Гидробиология және экология институтынан және Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығынан мамандар шақыртылыпты. Олар өлген итбалықтардың ішкі ағзаларын, азу, тырнақ және жүн сынамаларын алған. Қазір зертханалық талдау жасалып жатыр.

Гидрологьар мен гидробиолог мамандар сынамаларын алып тексереді. Балықтардың қырылу себебі содан кейін белгілі болады. Әзірге белгілісі денелерінде ұрылып-соғылған белгі байқалмайды. Аудың да ізі жоқ. Арнайы ғалымдар тексеріп алдағы уақытта нақты себебін айтатын болады, - деді Маңғыстау облысы балық инспекциясының бас маманы Әлібек Жәлелов.

Барлық жаңалықтар