00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Кәсіпкерлерді бопсалаған деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды

07.12.2023 | 08:00
53
Фото: дереккөзден

Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражатын бопсаламақ болған қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді, деп хабарлады Elorda.info. 

Полицейлер жәбірленушілерден ақша алмақ болып кездесу ұйымдастырған 1991 ж.т., 1996 ж.т., 1996 ж.т. және 1998 ж.т. күдіктілер тобын қылмыс үстінен, яғни 2 млн 600 мың теңгесін алу кезінде ұстады. Қылмыстық топтың мүшелері деструктивті діни ағым өкілдері екендігі анықталды.

Қылмыстық топ жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, әрқайсысынан 5 млн теңгеге жуық ақша иемденбек болған. Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, деп көрсетті Атырау облыстық ПД.

Барлық жаңалықтар