«JolTap» арқылы қосымша мамандық игердім – жобаға қатысушы
![«JolTap» арқылы қосымша мамандық игердім – жобаға қатысушы](/img/articles/2cb79d2b4aefaa7d9d821f166516c05b.jpg)
Астанада екі қолғa бір күрек іздеп жүргендер үшін «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттері мен арнайы Telegram-бот жұмыc іcтейді, деп хабарлады Elorda.info.
Қaлaлық әкімдіктің бacтaмacымен және «Жaңa мүмкіндік» қоғaмдық қорының қолдaуымен жүзеге acып жатқан жобаға 18 - 50 жac aрaлығындaғы қaлa тұрғындaры қaтыca aлaды. Цифрлық және жұмысшы мaмaндықтaрын қыcқa мерзімде тегін оқу мүмкіндігі бар.
Осы уақытқа дейін жоба аясында көптеген қaтыcушы білім aлды. Солардың бірі – астаналық Мөлдір Серік.
«JolTap» жобасы жайлы WhatsApp-тағы көршілердің чатынан білдім. Хабарламада мамандықтарды аз уақыттың ішінде тегін оқытатыны жазылған болатын. «Неге оқымасқа?» деген қызығушылық болды. Содан келесі күні қаладағы пунктердің біріне бардым. Мұнда мамандар барлық ақпаратты түсіндіріп берді. Кейін мен «Бухгалтерия негіздері» курсына жазылдым, - деді спикер.
Оның айтуынша, сәуірдің 10-ы күні оффлайн форматта сабақ басталған.
Бізде сабақ күн сайын болды. Мұнда мамандар бухгалтерия негіздерін яғни салық төлеу, тоқсандық, жылдық есеп тапсыруды үйретті. Теория мен тәжірибені ұштастырып, бәрін қатар өттік. Оқытушылар барлық ақпаратты қарапайым тілде түсіндіріп, сауалымызға толық жауап берді, - деді спикер.
Ал курсты аяқтаған соң қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталған.
Сабақтар өте қызықты өтті. Мұнда айтылған ақпараттар қатысушыларға яғни бізге пайдалы болды, - деп бөлісті елордалық тұрғын.
Ол бұл жоба арқылы қосымша біліктілігін арттырған.
Қазіргі уақытта мен туристік агенттікте жұмыс істеймін. Бұл – отбасылық бизнес. Сондықтан мұнда кейбір шаруаларды қатар атқаруға тура келеді. Мәселен, менеджер де, бухгалтер де, әкімші де қызметін қатар алып жүретін сәттер болады. Бизнесті дамыту мақсатында осы жобаға қатысып, қосымша білім алдым. Курсқа қатысқанның нәтижесінде мен кәсібімнің барлық есептерін өзім тапсыра аламын, - деді кәсіпкер.
Сонымен қатар ол алдағы уақытта трендтегі өзге де мамандықтар бойынша курстардан өтуді жоспарлап отырғанын айтты.
Бизнесті дамыту үшін адам жарнама жасаудың қыр-сырын білуі қажет. Сол себепті мен таргетолог, мобилография курстарына жазылып қойдым. Бұл – көпке пайдалы жоба. Осындай жобаны көпшілікке ұсынып отырған ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Мәселен, қазіргі кезде ақылы курстарға барсаңыз, олардың құны өте қымбат тұрады. Ал мұнда тегін. Сондықтан мұндай мүмкіндікті неге пайдаланып қалмасқа? - деді ол.
![](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген](/img/articles/b3ef1a77a68256dad5fd42f6dff272b7.jpg)
![Енді eGov mobile қосымшасында еңбек шартына қол қоюға болады](/img/articles/31515f4182471c7f6a60814a300ca086.jpg)
![FIRST® GLOBAL робототехника бойынша халықаралық жарыстар өткізеді](/img/articles/b787655c05db0ee7c4060c444ed4d9d0.jpeg)
![Словенияда «Астана Опера» әртістерінің өнерін 3 мың көрермен тамашалады](/img/articles/65d5617fdc5d784757a606988d28177f.jpg)
![Облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған Нұрлан Қоянбаев қанша жалақы алады](/img/articles/67c637129771d46eafba2b8280fcb673.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)