00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Газбен жабдықталған автомобильдерге арнайы белгі орнатылады

27.11.2023 | 16:00
46
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттарды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info

Мәселен, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» ұлттық стандартына толықтырулар жасалды. Өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Газға қайта жабдықтау әрқашан барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізілмейді. Өкінішке қарай, кейде мұндай көлік құралдары қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты газға қайта жабдықталған көлік құралдарының жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынады. Дәл осындай автомобильдерді сәйкестендіру және мұндай тыйымдарды әкімшілендіру үшін арнайы белгі енгізілді», - деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Сөйтіп, газ баллонды жабдығы бар автомобильдерге арнайы белгіні орнату талап етіледі. Әрі «GAS» деген жазбасы бар сары түсті үшбұрыш белгі жабық паркингтерде оңай танылатындай қойылуы тиіс.

газ.jpg

Барлық жаңалықтар