00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Композитор Қалдыбек Құрманәлі отбасылық өмірі туралы айтты

02.05.2024 | 11:27
88
Композитор Қалдыбек Құрманәлі отбасылық өмірі туралы айтты
фото: дереккөзден

Композитор Қалдыбек Құрманәлі «Алғашқы» бағдарламасында сүйген қызын қарату үшін оған жалған сөйлегенін және жары сол өтірігін ешқашан бетіне баспағаны туралы айтты деп хабарлады Elorda.info.

Композитордың айтуынша, өзі  үйсіз жүрсе де сүйген қызын басымда 2 үйім бар деп алдаған. Кейін отау құрғаннан кейін жас отбасы досының үйін паналапты.   

«Басымда екі үйім бар деп алдағам. Риза болғаным, әйелім үйленген соң «Сол кезде айтқан үйіңіз қайда?» демеді. Мен көрген қорлықтың жартысын тең бөлісіп, көтерді. Құдай өзі сәтін салып, Иманғали Тасмағамбетов қалаға әкім боп келгенде маған екі үй берді. Сол кезде әйеліме «Баяғыда айтқан екі үйім осы еді» деп әзілдеп айтқаным бар», - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Барлық жаңалықтар